рус қаз
Меню
Балапан - оқырман бағдарламасы
      «Балапан- оқырман»  бағдарламасы «Ботагөз» балабақшасының үлкен топтары негізінде құрастырылды.   Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, кітапқа ұқыпты қарауға үйрету.   Бағдарламаның мақсаттары:   -кітап деген не және не үшін оқу керек екендігі туралы жалпы түсінік беру;   - кітапты ұқыпты ұстау дағдыларын қалыптастыру;   -жас оқырманның қызығушылығына қарай кітапты өз бетінше таңдау дағдыларын қалыптастыру;   - әдебиеттік оқуға деген қызығушылықты дамыту;   - кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға көмектесу;   - отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;   - балалардың эмоционалдық және адамгершілік дамуына ықпал ету.     Бұл жоба мектепке дейінгі мекеменің білім беру бағдарламасына қосымша ретінде пайдаланылады. Мазмұнындағы көптеген тақырыптар оқу және оқыту бағдарламаларының материалдарын толықтырып, бекітеді.   Кітапханашының рөлі: Кітапханаға алғаш барған сәттен бастап балада кітаптың ғажайып әлемімен танысу туралы жарқын әсер болуы керек.   «Ботагөз» балабақшасының тәрбиешілерімен бірлесіп қызықты іс-шаралар өткізу: театрландырылған мерекелер, әдеби ойындар – викториналар, дауыстап оқулар, сурет байқаулары.   Кітапхана қызметкерлері ата-аналар жиналыстарына «Кітап оқитын балаларды қалай тәрбиелеу керек», «Біз анаммен және әкеммен бірге оқимыз» әңгімелерімен қатысады.     Іс-шаралар жоспары:    

Атауы

нысаны

мерзімі

"Кез келген сұраққа жауап ізде"

Интеллектуалды ойын

1 тоқсан

 

"Неліктен орманмен доспыз,

ол адамдарға не үшін керек"            

Эко-ойын

1 тоқсан

 

"Жила-была сказка"

Ертегі викторина 

1 тоқсан

 

"Ғарыштың жұмбақ әлемі"

Танымдық бағдарлама

2 тоқсан

 

"Мейірімділігіңмен бөліс "("мейірімділік қайығы" акциясы) мейірімділік сабағы

Дауыстап оқу

2 тоқсан

 

 

"Денсаулық планетасына саяхат"

Денсаулық сабағы  

2 тоқсан

 

"Қазақ ертегісінің сиқырлы ксандығы "(оқу уақыты)

Ертегі күні

3 тоқсан

 

"Адамдарға мейірімділік сыйла "("мейірімділік қайығы")

Мейрімділік күні

3 тоқсан

 

"Почемучкаларға қызық"

Шешілмеген құпиялар мен

жұмбақтардың күні

4 тоқсан

 

 

"Жаңа жылдық мульт көңіл-күйі"

Мульт – шешіп ал

4 тоқсан

 

 

қайта оралу



© 2024 Информационный портал аппарата акима города Приозерск
© 2024 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»